«Оқу жылын аяқтау, жаңа оқу жылына міндеттер...» атты тақырыпта вебинар
2021 жылдың 21 мамырында ҚБББ әдіскері Зульфира Сатыбалдиновна Скакова «Оқу жылын аяқтау, жаңа оқу жылына міндеттер...» (сараптама жазу, ӘК жоспарында қаралатын мәселелер) атты тақырыпта мектептердің ӘК жетекшілерімен вебинар өткізді.
Вебинардың мақсаты: оқу жылының қорытындысы бойынша сараптама жазу үлгісін, қандай өзекті мәселелерге көңіл бөлу керектігін, отырыстарда қаралатын мәселелердің топтамасын түсіндіру.
Вебинар барысында әдіскер сараптама жазудың алгоритімін көрсете отырып, бірізділік пен жүйеге де тоқталып өтті. Қандай нормативті құжаттармен жұмыс істеу керектігіне тоқталып, отырыста қандай мәселелер қаралатынын анықтап берді.
Вебинар жоғары деңгейде өтті.