Өскемен қаласының дарынды оқушыларына құрмет көрсету
Бүгін, 2021 жылдың 1 маусым күні «Жас техниктер станциясы» КМҚК Өскемен қаласының әкімі Ж.М.Омардың қатысуымен дарынды оқушыларды, республикалық және халықаралық зияткерлік олимпиадалардың, спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздарын салтанатты марапаттау өтті. 2020-2021 оқу жылының қорытындысы бойынша салтанатты марапаттауға 27 оқушы қатысты. Іс-шараның барлық қатысушыларына ШҚО әкімінің атынан мадақтамалар мен сыйлықтар табыс етілді.