Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Оқушылар шығармашылық сарайындағы Балаларды қорғау күні

Оқушылар шығармашылық сарайы "Балаларды қорғау күні" мерекесін кең ауқымда  атап өтті! Сонымен, 1 маусымнан бастап "Шығармашылықтың жазғы мектебі" жұмыс істей бастайды, бұл жерге қаланың барлық жерінен балалар күнделікті 2 сағатқа  келе алады. Шығармашылық мектебіне келген әр бала сарайдың барлық студияларына қатыса алады және "Қарым-қатынасқа үйренеміз" психологиялық тренингтен өтіп, "Бос уақыт сағатына" бара алады (шағын-байқаулар, викториналар, шығармашылық ойындар, шағын-квесттер және т.б.).

Бүгін Сарайға келген балалар "Әлем - бала көзқарасымен" асфальтқа сурет салу қалалық сурет байқауына қатысты. Сонымен қатар, барлық үйірмелер үшін онлайн тәртібінде "Бақытты балалық шақ" концерттік-ойын бағдарламасы ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, 1 маусымнан бастап Оқушылар сарайында "Күншуақты жаз" жазғы онлайн-алаңы өз хабарын бастады. Күнделікті балалар үшін "Бодрячки", педагогтардан Шебер-класс және кешкі ойын-сауық бағдарламасы көрсетілетін болады. Барлық контент Сарайдың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларына жарияланатын болады. 

Оқушылар шығармашылық сарайы барлық балаларды жазғы демалыстарын көңілді және пайдалы өткізуге шақырады.