Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шаралар

4 маусым 2021 жылы № 27 орта мектебінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне   арналған іс-шаралар өткізілді.   Мектеп ауласында Қазақстан Республикасы Гимні орындалып, мектеп кітапханасында «Рәміздерім-тәуелсіздік белгісі» атты тақырыптық сөре әзірленді. Бастауыш сынып оқушылары «Менің Қазақстаным!» тақырыбында онлайн-сурет салу байқауына қатысып, «Жас Ұлан» мектепішіілк комитеті «Қазақстан рәміздері - елдігімнің белгісі» бейнебаянын дайындады.