Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Судан құтқару станциясы мамандарымен болған танымдық кездесу

Ахмер орта мектебінің 9-10-сынып оқушылары қалалық Судан құтқару станциясында болып қайтты.  Баалалар құтқарушылармен болған бетпе-бет кездесуге өте разы болды. Олар құтқарушылардың құрал-жабдықтарымен танысып, құтқару техникасын меңгеріп, өздері маска, жилет, акваланганы киіп көріп, таңданысты. Оқушылардың қызығушылықтарында шек жоқ, өйткені құтқарушы мамандарды сұрақтың астына алды.  Ерекше әсерге бөленіп, алдағы уақытта тағы да баруға  тілек білдірді.