Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

8-11 сынып оқушылары арасында қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті

Дарындылық пен шығармашылықты дамыту мақсатында 01.10.2021ж. күні «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебінде 8-11 сынып оқушылары арасында қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияға қала мектептерінен тіл білімі (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті,ағылшын тілі),математика, экономика, физика, техника,химия,биология,этномәдениет,өлкетану, тарих, қоршаған орта секциялары бойынша ...... оқушы қатыстырылды.  Зерттеу жұмысы – шығармашылық үрдіс. Оқушылардың көпшілігі  жоба қорғау сайысына қызықты тың тақырыптармен, үлкен жаңашылдықпен келді.

Жаңа ғасырға қадам басқан жас жеткіншектердің қазіргі өмірге бейімділігі болу керек. Ол өмірдің әр тетігіне үңіліп, тығырықтан шығар жолға даяр болуы қажет. Дарынды да, қабілетті оқушыларды ғылымға баулып, ғылым арқылы егемендігімізді нығайту біздің қолымызда.

Ғылыми-практикалық конференцияның қалалық кезеңінен жүлделі орындар иеленіп, облыстық кезеңге өткен оқушыларымызға сәттіліктер мен жеңістер тілейміз.