Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Анталияда өткен ХІІІ халықаралық олимпиадағы жеңісі

Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейінен 2021 жылдың 31 қазаны мен 7 қарашасы аралығында Түркияның Анталия қаласында өткен ХІІІ Халықаралық олимпиадада бағын сынауға аттанған 11 оқушыдан құралған команда бірінші орынды жеңіп алып, барлық 11 оқушы 1 дәрежелі диплом және медальмен марапатталып, кубок иеленді, ал пәндік олимпиадаларға жекелей қатысушылар алтын және қола медальдарының жеңімпазы атанып, дипломдармен марапатталды. Олимпиададағы бәсекелестік өте жоғары болды, өйткені Тәджікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Ресей, Қазақстан елдерінен барлығы 850 оқушы қатысты. Біздің оқушыларымыз халықаралық деңгейде керемет нәтиже көрсете білді және Өскеменнің абыройын асқақтатып қайтты.

ОРАЛХАН БӨКЕЙ АТЫНДАҒЫ №44 ЛИЦЕЙІН АНТАЛИЯДА ӨТКЕН ХІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАҒЫ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!