Ата - аналардың өтініші бойынша асинхронды форматта қашықтықтан оқыту
2021 жылдың 8 желтоқсан күні білім бөлімінде «Ата - аналардың өтініші бойынша асинхронды форматта қашықтықтан оқыту» атты тақырыпта онлайн форматта семинар өткізілді.
Семинарға қала мектептері директорларының ОІЖ орынбасарлары қатысты. Семинар модераторы, білім бөлімі басшысының орынбасары Г.Турарова қатысушыларды семинар тақырыбының өзектілігімен таныстырып, қашықтықтан оқытуды реттейтін нормативтік - құқықтық актілер туралы айтып берді. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші негізінде мектепте қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру туралы толығырақ ақпаратты білім бөлімінің әдіскері Н.Капчикова ұсынды. Семинар тақырыбы бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі болғандықтан, қатысушылардың сұрақтарына білім бөлімінің орынбасары мен әдіскер жан - жақты нақты мысалдар келтіре отырып жауап берді. Семинар жоғары деңгейде өтті, қатысушылар өздеріне қажетті мәселелелердің түйінін шешті.