Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

CLIL контекстінде биология, химия, физика және информатиканы ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі

2021 жылдың 8 желтоқсан күні білім бөлімінде  «CLIL контекстінде биология, химия, физика және информатиканы ағылшын тілінде оқытудың әдістемесі» атты шеберлік сыныбын өткізді. Семинардың мақсаты – жаңартылған бағдарлама аясында жалпы білім беретін мектептерде биология, физика, химия, информатика пәндерін оқытуда CLIL технологиясының мазмұны мен CLIL технологиясын қолдану мәселелерін талқылау. Семинарға қала мектептерінің химия, биология, информатика және физика пәндерінің мұғалімдері қатысты. Семинар модераторы білім бөлімінің әдіскері Н.Капчикова жиналғандарды семинар бағдарламасымен таныстырды. Ш.Уәлиханов атындағы No3 мектеп-лицейінің оқу ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Зейнелхан оқу үдерісіне пәндік-тілдік кіріктіруді енгізудің мәніне тоқталды. Мұғалімдер Башабаева Қ.Т., Зейнелхан Г., Нургендирова А.О., Байрова Г.О., Темиралова Г.Т., Қаблақатова Р.М. өз сабақтарында қандай әдістер - тәсілдерді қолданатынын әріптестерімен бөлісті. Семинар барысында CLIL стратегиясын енгізу мәселелері талқыланды. Семинар соңында қорытындысы шығарылып, қатысушылардан  кері байланыс алынды.