Әдістемелік кеңес отырысы өткізілді
Қазіргі уақытта мектеп үшін ең өзекті мәселелердің бірі оқыту сапасын арттыру және оқушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру болып табылады.
22 желтоқсанда білім бөлімінде ZOOM платформасында әдістемелік кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға жаратылыстану-ғылыми бағыты пәндерін оқытуға жетекшілік ететін қала мектептері директорының оқу ісі жөніндегі 51 орынбасары қатысты.
«№ 4, 20, 19, 24, Ахмер орта мектептерінде жаратылыстану-ғылыми бағыты пәндері бойынша білім сапасын арттыруға бағытталған әдістемелік қызметінің жұмысы» тақырыбында білім бөлімінің әдіскері Н.Капчикова баяндама жасады.
Нургул Тлеубековна іс-шараға қатысушылардың назарын оқыту сапасын арттырудағы мектептің әдістемелік қызметінің рөліне аударды. З.Ахметов атындағы № 16 орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Закиева осы мәселе бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Отырыстың модераторы білім бөлімінің қалалық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі А.Нурпеисова баяндамашылардың сөздерін түйіндеп, мектептегі әдістемелік қызмет жұмысының негізгі кезеңдеріне тоқталды.
Әдістемелік кеңестің қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді. Әдістемелік кеңестің жұмысы жемісті болғанын атап өткім келеді.