Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қазақ тілі мен әдебиетінен IV «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік  «Дарын» орталығы 2022 жылдың 11 ақпанында жалпы білім беретін ұйымдарының 8-11 сынып оқушыларының арасында қазақ тілі мен әдебиетінен IV «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиадаға Өскемен қаласы мектептерінен  65 оқушы қатысты. 17 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды.

Олимпиадаға қатысушылар Абай қарасөздері мен поэзия негізінде эссе жазу және тест сауалнамасы бойынша екі айналымда бақтарын сынады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 1 орын иегері - Кистаубаева Инара (Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі), Бакытбекова Амина (Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі), Айдарханова Аида (№46 орта мектебі) - 2 орынға ие болды, Ақпаева Светлана (М. Шаяхметоа атындағы № 23 орта мектебі) – 3 орын иегері атанды.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!