«Наурыз келді, алақай!» атты әжелер сайысы өтті
2022 жылдың 17 наурызы күні Шығыс Қазақтан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің №18 «Еркетай» балабақша-бөбекжайында «Наурыз келді, алақай!» атты әжелер сайысы өтті. Сайысқа 5 әжемізбен немерелері өз өнерлерін ортаға салды. Әжелер ата-дәстүрмен өздерін таныстырып және де ұлттық тағам дайындап, қолөнер шеберліктерін көрсетті .
Ұлыс күні тағам толса,
Ол жылы ақ мол болар.
Әжелер ұлттық тағам жасаса,
Қолдарынан бал тамар- деп, сайысқа қатысушы ақ жаулықты әжеміз Мария Айбике немересімен «Өнерлі әже», Толқын әжесі Айым немересімен «Өнегелі әже», Жібек әжесі Әлемжан немересімен «Мейірбан әже», Мунира әжесі Айя немересімен «Білгір әже», Бейбітгуль әжесі Айша немересімен «Алтын оймақты әже» номинацияларымен марапатталып, сыйлықтар ұсынылды.