Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Гримаски" актерлік шеберлік бойынша шеберлік сыныбы өтті

Наурыз мерекесі мен Қазақстандағы балалар жылына арналған 2022 жылдың 20 наурызында "Наурыз мейрамы" мерекесіне орай "Жігер" балалар-жасөспірімдер клубтарының бірлестігінде "Күн балалары" БЖК белсенділерінің слеті өтті. Балаларға "Гримаски" актерлік шеберлігі бойынша шеберлік-сынып ұсынылды. "Дебют" театралдық студиясының оқушылары барша қазақстандықтарды көктемнің ұлы мерекесімен құттықтап, "Сараң бай мен Алдаркөсе" қазақ ертегісін сахналау арқылы өздерінің актерлік шеберліктерін көрсетті.