Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Таңғажайып табиғат әлемінде» атты жаздық мектеп

ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Оқу-зерттеу экобиоорталығы» КМҚК жазғы демалыс кезінде мектеп оқушыларын «Таңғажайып табиғат әлемінде» атты жаздық мектеп жанындағы лагерьге шақырады. Лагерь бағдарламасы экзотикалық жануарлар әлеміне танымдық экскурсия, шығармашылық шеберханалар, экологиялық-биологиялық эстафета, зияткерлік ойындар, психологиялық тренингтер, эмоционалды-сезімдік саланы дамытуға арналған мултьтоптамалар мен эковикториналарды қамтиды. Осы және өзге бағыттардағы қызықты да танымдық іс-шаралар экобиоорталық педагогтарының бастамасымен жүзеге асырылады. Барлық балаларды уақыттарын көңілді, сапалы да жүйелі өткізуге орталығымызға шақырамыз.
Барлық сұрақтар мен қосымша ақпарат бойынша мына телефондарға хабарласа аласыз.
Жауаптылар:
8 705-566-93-09 – ОТЖ жөніндегі директордың орынбасары Нұржан Гауһар
8 747-185-06-29 – ҚБЖ бойынша әдіскер Тоқтасын Еркежан