Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
2022 жылдың 23 мамыр күні Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі Өскемен қаласының № 7 орта мектебі және № 11 мектеп-лицейінің 9, 10, 11 сынып оқушыларымен «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына кездесу ұйымдастырды. Кездесуге «Жанару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ ШҚ облыстық филиалының директоры Манаков Ж.Н., ШҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Арыстанбек Р., ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің бас маманы Муглиев Ж.Б., «Ауыл» ХДПП ШҚО бойынша өңірлік филиалы төрағасының орынбасары Арнханов К.М., тұрғындарды жұмыспен қамту орталығының грант бойынша бас маманы Жайлаубаева Г.М., «Аманат» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының басшысы Шанжын Айбота қатысты.