Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру
2022 жылдың 24 мамыр күні Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі Өскемен қаласының № 45 орта мектебі және № 46 орта мектебінің 9, 10, 11 сынып оқушыларымен «Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбына кездесу ұйымдастырды. Кездесуге «Жанару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ ШҚ облыстық филиалының директоры Манаков Ж.Н., ШҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Арыстанбек Р., ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша Департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Кеншимбаев Б.Н., тұрғындарды жұмыспен қамту орталығының грант бойынша бас маманы Жайлаубаева Г.М., «Аманат» партиясының «Жас Отан» жастар қанатының басшысы Шанжын Айбота қатысты.