Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Жас техниктер станциясы» КМҚК «STEAM-зертхана» шығармашылық шеберханасында қала мектептерінің мектеп жанындағы лагерьлерінің оқушылары 1:50 масштабында қағаздан жасалған «Автобус» модель-көшірмесін орындаумен айналысады. Балалар автобус моделін құрастыру кезінде бөлшектерді кесу, бүгу және желімдеу бойынша жаттығады. Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушылар өз қолдарымен жасалған автобустардың шағын көрмесін өткізеді.