Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Геологиялық зерттеу жорығы

3 шілде күні ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «Жас техниктер станциясы» КМҚК «Жас геолог» үйірме бірлестігінің тәрбиеленушілері Астана күніне орайластырылған геологиялық зерттеу жорығын өткізді.
Жас геологтардың алдына Бестерек ауылы маңындағы Ұранқай өзенінің геологиялық құрылымын зерттеу, сонымен қатар минералогиялық үлгілер жинағын жинау міндеті қойылды.
Балалар алға қойылған тапсырманы орындады, өзен жағасындағы пикник және қозғалмалы ойындар сапардың тамаша аяқталуы болды.