«Менің Отаным - Қазақстан» атты қалалық сурет челленджі
«Оқу-зерттеу экобиоорталығы» 15 маусым - 5 шілде аралығында «Менің Отаным - Қазақстан» атты қалалық сурет челленджін өткізді. Іс-шараның мақсаты – Қазақстанның тірі табиғаты туралы оқушылардың эстетикалық көзқарасын қалыптастыру. Челлендж Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі – Елорда күніне орайластырылған. Челлендж шеңберінде қаладағы мектеп оқушылары Қазақстанның жануарлар әлемінің нысандарын бейнелейтін сурет салып, «ОЗ экобиоорталықтағы» ұйымдастырушыларға тапсыруы керек болды. Шараға үш апта бойы 1-8 сынып оқушылары қатысты. Экологиялық модульдік тақырыптық экспедицияларға қатысқан және Тархан палеонтологиялық қимасын, Алтай ботаникалық бағын және Ақбауыр табиғи-тарихи кешенін аралағанда көптеген қызық көрген, бұл салған суреттерінен білінген «ОЗ экобиоорталығы» үйірме бірлестіктерінің оқушылары бұл шарада барынша белсенді болды. Сондай-ақ, № 3, 8,16, 19, 20,30,36,37 мектептер де белсене қатысты. Іс-шараға жалпы алғанда 53 адам қамтылды.
«Менің Отаным-Қазақстан» сурет челленджіне қатысушылардың үздік жұмыстары 10 тамызға дейін «ОЗ экобиоорталығы» (М. Горький, 66) көрмесіне қойылады.