Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Қатон-Қарағай ұлттық табиғи паркіне» жасалынған «ОЗ экобиоорталықтың» оқу-зерттеу экспедициясын өткізу туралы

2022 жылғы 20 – 26 шілденің жеті күнінде мектеп оқушыларының жеке ғылыми жобалары бойынша экологиялық, биологиялық зерттеулер жүргізу және материал жинау мақсатында «Қатон-Қарағай ұлттық табиғи паркіне» оқу-зерттеу экспедициясы жасалынды.
Өскеменнен құрамында 15 оқушы мен 4 оқытушы бар балалар экспедициясы ШҚО Қатон-Қарағай ауданы аумағында орналасқан «Қатон-Қарағай ұлттық табиғи саябағына» аттанды. Қатон-Қарағай мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы (ҚМҰТС) мыналарды қамтиды: Листвяга және Қатын жоталарының оңтүстік макробөктері (Мұзтау торабының оңтүстік және шығыс беткейлері), Қазақстан аумағындағы Укок биіктаулы үстіртінің батыс бөлігі, Оңтүстік Алтай, Тарбағатай (Алтай) және Сарымсақты жоталары.
Алғашқы аялдама Бұқтырма су қоймасының жағасында, Жаңа Бұқтырма ауылына жақын жерде жасалды. Қысқаша нұсқаулықтан кейін оқушылар зерттелетін аумақтың физикалық-географиялық жағдайы және биоәртүрлілік объектілері туралы жазбалар жасады.
Екінші аялдама су қоймасының қарама-қарсы жағалауында, Нарын жотасына жақын жерде болды. Экспедиция мүшелерін бентос өкілдері қызықтырды, мысалы: қаттықанаттылар, жылғалықтар, ұлулар және азқылтанды құрттар түрлері.
Келесі екі күнде лагерь Қатон-Қарағай өңірінің солтүстік-шығысында, теңіз деңгейінен 1760 м биіктікте орналасқан Рахман көлінің маңында болды. А.П. Цыганов көлдің экологиялық соқпағы жөнінде қызықты экскурсия жүргізді. Балалар көл жағасындағы керемет өсімдіктерге таңданды. Оқушылардың дәптерлері өсімдіктер мен жануарлардың атаулары мен қасиеттері туралы жазбаларға лық толды.
Бұқтырма өзенінің жайылмасында, Оңтүстік Алтайдың Листвяга мен Тарбағатай жоталарының арасында болған келесі аялдамаға барар жолда біз Берел қорғандарының мұражайында болдық, онда оқушыларға тарихи- өлкетану экскурсиясы өткізілді.
Соңғы аялдама да Бұқтырма су қоймасының жағалауында, Свинчатка ауылынан оңтүстікке қарай 10 шақырым жерде, Нарын жотасының батыс беткейіне жақын жерде болды.
Экологиялық лагерьде ғылыми жұмыс тақырыптарына сәйкес оқушылардың жетекші-педагогтармен ғылыми-өңдеу жұмыстары жүргізілді. Соңғы күнгі таңертең экспедицияға қатысушылар қойын дәптердегі жазбалар, коллекциялық материалдар, бейнематериалдар мен фотосуреттер бойынша алты күндік жұмыстың қорытындысын шығарды.
26 шілдеде бағыт Күршім өткелінен өтіп, одан әрі Самар тас жолы бойымен Өскеменге жеткен балалар осы сапардан алған ұмытылмас мол әсермен және 2023 жылы балалардың ғылыми-практикалық конференциясында ұсынылатын ғылыми жұмыстарға арналған құнды материалдармен олжалы оралды.