Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Жасөспірімдер арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Республикалық чемпионатқа қатысуы туралы

11-16 шілде аралығында Шымкент қаласында жасөспірімдер арасында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының XII чемпионаты өтті. Еліміздің барлық өңірлерінен жас құтқарушылардың 17 командасы құтқару ісінде өз шеберліктерін көрсетті. ШҚО командасы Өскемен қаласының № 7,9,12,17,19,26,30 мектептерінің 10 оқушысынан құралды.  Олардың барлығы бірнеше жылдар бойы тәжірибелі жаттықтырушы, «№29ҚББМО» КММ «Жас құтқарушы» орталағының қосымша білім беру педагогы Михаил Филатовтың басшылығымен өрт сөндіру-құтқару спорты секциясында шұғылданады.

Жарыс барысында командаларға 4 қиын кезеңнен өту қажет болды: шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту, өрт эстафетасы, жауынгерлік қанат жаюды көрсету. Алғашқы жарыстардан бастап біздің балалар өз шеберліктерін көрсетіп, шабуылдау және 100 метр қашықтықта 1 орынға ие болды.  Келесі кезеңдерде біздің спортшылар 3 және 2 орын алды. Осылайша, бал сомасы бойынша өскемендік жас құтқарушылар жалпыкомандалық екінші орынды иеленді. Сонымен қатар, жеке есепте Аркадий Серов пен Виктор Коршак шабуыл сатысымен көтерілуде 2-ші орынға ие болды.

Өрт сөндіру-құтқару спорты-мықты және тату спорт түрі. Өйткені, қауіпті құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде жолдастың иығы маңызды. «№29ҚББМО» КММ «Жас құтқарушы» орталағының секциясында оқитын балалар негізінен өздерін құтқарушы мамандығына дайындайды және оларға тәжірибелі жаттықтырушылар мен педагогтар көмектеседі.