Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Жазғы демалысты ұйымдастыру

Жазғы демалыс – денсаулықты жақсарту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және баланың мүмкіндіктерін жетілдіру, жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру, оны жаңа әлеуметтік байланыстарға тарту үшін ең қолайлы уақыт. Осы қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін № 9 орта мектебінде барлық жағдай жасалған.

Мектепте әзірлеген «Жазғы мектеп» бағдарламасы баланың қызығушылығына сәйкес ғылымның белгілі бір саласы бойынша белсенді іс-шараларды, әртүрлі сыныптан тыс жұмыстармен үйлестіруді қамтиды.

Мектеп аумағында бос уақытты ұйымдастыру, спорт секцияларының жұмысы, еріктілер қозғалысы жаңа білім алуға, жаңа қызығушылықтарды қалыптастыруға ықпал етіп қана қоймай, мектепте әрбір баланың жазғы демалысын қамтамасыз етеді.