Өрт сөндіру және құтқару спорты бойынша XI әлем чемпионатына қатысу туралы
2022 жылдың 16-23 тамыз аралығында Беларусь Республикасының Брест қаласында өрт сөндіру және құтқару спорты бойынша жасөспірімдер арасында XI әлем чемпионаты өтті. Чемпионатқа Қазақстанның жас құтқарушылары қатысты сонымен қатар Ресей, Беларусь, Словения және Үндістан елдерінің де жас құтқарушылары болды. Қазақстан құрама командасының құрамында Өскеменнен келген жас спортшылар қатысты, олар: Коршак Дмитрий, Авилов Эльдар, Красовский Дмитрий. Осы аталған балалар «№29ҚББМО» КММ өрттен құтқару спорты бойынша секциясының тәрбиеленушілері болып табылады. Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық 3 орынға ие болды. Жеке есепте біздің балалар жауынгерлік қанат жаю және 100 метрден 4 эстафета кезеңдерінде күміс жүлдегер атанды. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!