"Мектепке жол"
26.08.2022 жылы біздің мектебімізде Республикалық "Мектепке жол" акциясын жүзеге асыру аясында балаларға кеңсе тауарлары бар мектеп сөмкелері салтанатты түрде тапсырылды.
Өскемен қаласы әкімдігінің аумақтық басқармасының № 5 филиалы акцияға белсенді қатысып, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 20 оқушыға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық қолдау көрсетті.
Оқушылар және ата-аналар демеушілерге көрсеткен қолдауы үшін үлкен алғыс білдіреді!