Қала күніне арналған мерекелік іс-шара
27 тамыз 2022 жылы ШҚО ББ "Өскемен қаласы бойынша" білім бөлімінің "№ 27 орта мектебі" КММ және «Аумақтық басқару орталығының» 10-шы филиалының бастығы Р.Мамырбаевамен бірлесе отырып, Өскемен қаласының құрылғанына 302 жыл толуына орай «Прохладная» ықшамауданының тұрғындарына мерекелік іс-шара өткізді. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Мұхаметжанованың жетекшілігімен мектеп оқушылары мен ұстаздары А.Дәуренқызы, А.Мужебаева, Б.Мұқанов, Б.Сәдуақасов мерекелік концерт ұйымдастырып қонақтарға көтеріңкі көңіл-күй сыйласа, дене шынықтыру пәні мұғалімдері Д. Берлхан, А.Байгундинов, Ж.Иванов, Л.Қасымбекова, С.Мәуліханов көңілді старттар, тоғызқұмалақ ұлттық ойыны, армрестлинг, гір көтеру, футболдан спорттық жарыстар өткізді. Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ филиалының №7 кітапханашысы Н.В.Казанцева балаларға ел және қала тарихын білуге арналған викторина өткізді. Іс-шараның барлық белсенді қатысушылары мадақтама және сыйлықтарға ие болды.