«Дарынды балалармен жұмыс жасаудағы құндылыққ бағдарлану» пікірталас аланы
Өскемен қаласының педагогикалық қызметкерлерінің тамыз конференциясының мәжілістері аясында 2022 жылғы 24 тамызда директордың дарынды балалармен жұмыс жөніндегі орынбасарларының «Дарынды балалармен жұмыс жасаудағы құндылыққа бағдарлану» атты секциялық пікірталас алаңы форматында өтті.
Талқылаудың негізгі мақсаты қазіргі жағдайдағы дарынды балаларға педагогикалық көзқарас мәселелерін талқылау;
- дарынды балаларды анықтау және қолдау;
- білім беру ұйымдарыда дарынды балалармен жұмыс тәжірибесімен алмасу. Секция барысында Өскемен қаласы бойынша білім беру ұйымының әдіскері Айкенева Динара Тоқтауғажиновна білім беру ұйымдарында дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру ерекшіліктеріне тоқталып өтті.
Отырыста жұмыс тәжірибесін ұсынғандар:
Астраханцева О.А.,- «№34 мектеп-лицейі» КММ, ғылыми- қоғамның жетекшісі, «Организация работы с одарёнными детьми в лицее»;
Бояркина Ю.Л., «№12 мектеп-гимназиясы» КММ, оқу ісінің меңгерушісі, «Вопросы повышения квалификации учителей общеобразовательных организаций в области работы с одаренными детьми. Одаренный ребенок — одаренный педагог. Каков он?»
Панельдік секцияға қала мектептерінің оқу-ісінің меңгерушілері қатысып, әдістемелік ұсыныстар алды. Кері байланыс кезінде қатысушылар қойылған сұрақтарға толыққанды жауап алды.