Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

 «Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша шығармашылық алаң» білім беру көрмесі

2022 жылғы 26 тамызда қала әкімі Ж.М. Омар қатысуымен  «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбында Өскемен қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясының Пленарлық отырысы өтті.

Тамыз кеңесі аясында «Білім беру мазмұнын жаңарту бойынша шығармашылық алаң»  атты білім беру көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: білім беру ұйымдары, педагогтар мен оқушылардың жетістіктерін көрсету.

Көрме 5 бағытта жұмыс істеді.

1 бағыт. «Инклюзивті тәжірибені дамыту контексінде барлық білім алушылар үшін жайлы білім беру ортасын құру»;

2 бағыт. «Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жағдайындағы мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі инновациялар»;

3 бағыт. «Заманауи кабинет - білім сапасын арттырудың бірден - бір шарты»;

4 бағыт. Оқушылардың ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстар көрмесі;

5 бағыт. «Қосымша білім беру – оқушының мәдени-жасампаздық қызметін ұйымдастырудың практикаға бағытталған  нысаны».

Көрме жоғары дәрежеде өтті. Қонақтар мен педагогтар оқушылардың шығармашылық жұмыстар мен жобаларына ерекше назар аударды.