Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбында Өскемен қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы

2022 жылғы 26 тамызда қала әкімі Ж.М. Омар қатысуымен  «Білімнің басты құндылықтары: отаншылдық, білімге құштарлық, еңбекқорлық» тақырыбында Өскемен қаласы білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясының Пленарлық отырысы өтті.

Отырыста қаланың білім беру жүйесінің өткен оқу жылындағы жұмысының қорытындылары шығарылды, негізгі міндеттері мен перспективалары белгіленді, білім беру жүйесін дамытудың алдағы жылға арналған негізгі сәттері айқындалды.

Білім бөлімінің басшысы С.Б. Алагузованың «Өскемен қаласының білім беру жүйесі: жаңғырту жағдайындағы өзгерістер мен векторлар» атты баяндамасы тыңдалды.

Үздік білім беру аясында педагогтардың  кәсіби дамуы туралы  Г. С. Жуманова, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры баяндама жасады.

ШҚО Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, "Альтернатива" Шығыс Қазақстан медиация және құқық орталығы" ҚБ Басқарма төрағасы, С.Аманжолов атындағы ШҚУ Заңтану кафедрасының синиор-дәріскері А. А. Каленова балалар құқықтарын қорғау тетігіндегі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институтына қатысушылардың назарын аударды.

М. Қ. Сұлтанғазина, «Алматы кітап» баспасының редакторы Topiq.kz   жұмысы туралы мәлімет беріп,  байқау жүлдегерін бағалы сыйлықпен және грамотамен  марапаттады.

Өскемен қаласының әкімі Ж. М. Омар конференцияның жұмысын қорытындылай келе, өз сөзінде қалалық білім беру ұйымдарындағы  жетістіктерін атап өтіп,  кемшіліктеріне тоқталды.

Пленарлық отырыстың соңында білім беру ұйымдарының басшыларын, педагогтарды, педагогикалық еңбек ардагерлерін отандық білім беруді дамытуға сіңірген еңбегі және белсенді қоғамдық қызметі үшін медальдармен және грамоталармен  марапатталды.

24-26 тамыз аралығында мектеп директорларының орынбасарлары және пән мұғалімдерімен  секциялық отырысы өткізілді.