«Тіл мен әдебиетті оқытудағы құндылыққа бағытталған тәсіл» пленарлық отырыс
Тамыз айының 24 - і күні 2022 жылғы тамыз кеңесі аясында тілдік (қазақ, орыс, ағылшын) және тарих пәндері мұғалімдері үшін «Тіл мен әдебиетті оқытудағы құндылыққа бағытталған тәсіл» пленарлық отырыс өтті.
Мектеп фоесінде қала мектептерінің № 3, 9, 10, 12, 20, 23, 38, 44, 46, 49 пән мұғалімдері өз іс - тәжірибелерімен бөлісу мақсатында көрме ұйымдастырды.
Семинарға келген жас мамандар өз ісінің майталмандары, оқушыны білім нәрімен сусындата білген ұстаздардың жинақтарына шолу жасап, ой бөлісті. Семинар барысында ҚББ әдіскері З.С.Скакова «Қаланың білім беру ұйымдарында 2019 - 2021 жылдарға арналған көптілді білім беруді дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру», № 12 мектеп - гимназиясы ОІМ М.Ж.Бурамбаева «№ 12 мектеп - гимназиясында көптілді білім беруді дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар»,
№ 10 мектеп - гимназиясы ОІМ Л.А.Фоминых «Мәдени тұжырымдама аясында тілді оқытуда оқушылардың құндылық бағдарларының жүйесін қалыптастыру» тақырыптарында ой тарқатса, Шығыс Қазақстан халықтарының мәдениеті мен тілдерін түлету мектебінің директоры Г.К.Габдуллина «Шығыс Қазақстан халықтарының мәдениеті мен тілдерін түлету мектебінің қызметі туралы ақпарат берді.
«Тіл мен әдебиетті оқытудағы құндылыққа бағытталған тәсіл» пленарлық отырысы жоғары дәрежеде өтті.
Әріптестерімізге тек білім мен ғылым әлемінде талмай қызмет етіп, егеменді еліміздің талантты балаларын көбейтіп қызмет жасай берулеріне тілектеспіз!