Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қазақ тілі оқытушыларына арналған секциялық отырысы

2022 жылдың 24 тамызында Өскемен қаласының білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясындағы «Білім берудегі құндылыққа бағдарланған тәсіл» атты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қазақ тілі оқытушыларына арналған секциялық отырыс өткізілді.

«Болашақ» балабақшасынан А.Қ.Смагулова «3 - 4 жас аралығындағы балаларға ойын - сабақ өткізуде жаңартылған ойын тәсілдері»  тақырыбында өз іс - тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар осы тақырыпта 5 - 6 жастағы балаларға арналған ойын - сабақтар туралы «Колокольчик»  балабақшасының қазақ тілі оқытушысы А.С.Нургазина айтып өтті. Ал 102 балабақшаның қазақ тілі оқытушылары Л.С.Мусина мен Г.Б.Оспанова  «Сюжеттік - рөлдік ойындар арқылы балалардың қызығушылығын арттыру»  атты тақырыпта сөз қозғап, бейнероликтер көрсете отырып, өз жетістіктерімен бөлісті. «Айгөлек»  балабақша - бөбекжайының қазақ тілі оқытушы М.А.Ахмадиева «Қазақ тілі сабақтарында дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту» тақырыбында баяндамасын оқып, ойын түрлерін ойната отырып, өзінің дидактикалық материалдарымен бөлісті. Өз тәжірибелерін ортаға салған әр қазақ тілі оқытушысы таратылым материалдарын тыңдаушыларға үлестеріп берді.

Отырыс соңында модератор болған 100 балабақшаның қазақ тілі оқытушысы Л.Б.Слямғалиева 2022 - 2023 оқу жылы бойынша білім беру үрдісіндегі жаңалықтарға тоқталып, отырысымыздың рефлексия бөлімін өткізді.

Барша әріптестеріміз өз қоржындарына біршама материалдар алып, алғыстарын айтты.