Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Қала мектептерінің химия пәні мұғалімдерінің секциясы

2022 жылғы 24 тамызда Өскемен қаласының білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы аясында химия мұғалімдерінің "Жаратылыстану-математикалық білім берудегі құндылыққа бағытталған тәсіл" тақырыбындағы секция отырысы өтті. Секция жұмысы барысында химия мұғалімдері Н.П. Самамбетова, А.Б. Кайырканова, Н. Р. Дорн, Г. К. Мекеева, Ю. И. Яковлева жұмыс тәжірибесінен бөлісті.

Секция модераторы Б.М. Сейтқазинова 2022-2023 оқу жылына арналған "Химия" оқу пәні бойынша оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы нұсқаулық-әдістемелік хаттың ұсынымына шолу жасады. Инклюзивті оқыту ортасын қамтамасыз ету, оқушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толтыру үшін оқу материалдарын пайдалануға баса назар аударылды. Химия мұғалімдеріне өткен оқу жылында жүргізілген талдауды ескере отырып тапсырмалар берілді.