Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Биология  пәні мұғалімдерінің секциясы өтті

Қалалық тамыз конференциясының биология секциясында өзекті тақырыптарда  баяндама тыңдалып өтті. Баяндамашылар: №46 мектептен Шакаримова А.К., мектеп – интернатынан Хасенова Ж.Б., №33 мектептен Тлеуханова А.С., №48 мектептен  Ахметова Ү.Қ. өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Барлық  қала мектептері биология пәнінің мұғалімдеріне құнды ақпараттар берілді, әсіресе жас биолог мамандарға айтарлықтай тиімді болды. Баяндамашылар нақтырақ оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру жолдарын, пәнаралық байланыстың тиімділігін, білім сапасын арттыруда жаңа технологияларды пайдаланудың тиімді  әдіс- тәсілдерін және STEM мүмкіндіктерін биология сабағында қолданудың жолдарын жоғары деңгейде атап өтті. Алынған ақпараттың барлығы мұғалімдер үшін оң әсерін көрсетті. Сонымен қатар жаңа оқу жылының өзгерістері туралы қысқаша мәліметті биология секциясының  модераторы Боранбаева Ж.К. атап өтті.