"Менің қалам - Өскемен, суретшінің көзімен" атты пленэр-көрме
27 тамыз күні "Жұлдыз" балалар өнер мектебінің көркемсурет бөлімі Арбатта "Менің қалам - Өскемен, суретшінің көзімен"атты пленэр-көрме өткізді. Пленэр-көрме көркемсурет оқушыларының жұмыстарымен дайындалдып, безендірілді. Іс-шараға "Жұлдыз" БӨМ, "ЗЕРДЕ" және "Балалар шығармашылық сарайы" қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты.Қатысушылар айналадағы әртүрлі көріністерді салу кезінде, өз дағдылары мен шеберліктерін көрсетті. Барлық қатысушылар мадақтамамен марапатталды. Осы өткізілген іс-шара қала күніне арналды.