Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің тамыз конференциясының секциялық отырысы
2022 жылғы 24 тамыз күні № 46 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің «Тіл мен әдебиетті оқытудағы құндылыққа бағытталған білім беру» тақырыбында тамыз конференциясының секциялық отырысы өткізілді.
Тамыз кеңесінің секциялық отырысының ашылуынан кейін ҚБББ-нің әдіскері З.С.Скакова педагогтерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, «2021-2022 оқу жылында білім беру үрдісінің сапасын арттыруға бағытталған қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша әдістемелік жұмыстың сараптамасы» тақырыбында баяндама жасады. Онда былтырғы оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға терең талдау жасалып, оқу жылында жоғары нәтиже көрсеткен ұстаздар марапатталды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің мұғалімдеріне арналған секциялық отырыста № 48 мектептің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.И.Шабалова «2022-2023 оқу жылы бойынша білім беру үрдісіндегі жаңалықтар» тақырыбында және аталған мектептің педагогтері С.А.Мырзабекова «Тіл мен әдебиетті оқытудағы құндылыққа бағытталған білім беру», Ж.М.Иманкенова «Эссе жаздыру арқылы оқушылардың білім құндылығыбағдарын қалыптастыру» тақырыбында баяндама жасап, өз іс - тәжірибелерімен бөлісті.