Тіл пәндері педагтарының секциялық отырысы
24-ші тамызда Өскемен қаласының білім беру қызметкерлерінің 2022 жылғы тамыз кеңесі аясындағы «Тіл мен әдебиетті оқытудағы құндылыққа бағытталған білім беру» атты секциялық отырсы өтті.
Тамыз кеңесінің секциялық отырысының ашылуынан кейін ҚБББ-нің әдіскері З.С.Скакова педагогтерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, «2021-2022 оқу жылында білім беру үрдісінің сапасын арттыруға бағытталған қазақ тілі мен әдебиет пәндері бойынша әдістемелік жұмыстың сараптамасы» тақырыбында баяндама жасады. Онда былтырғы оқу жылындағы атқарылған жұмыстарға терең талдау жасалып, оқу жылында жоғары нәтиже көрсеткен ұстаздар марапатталды.
Секциялық отырыс аясында «Сағдат Нұрмағамбетов атындағы № 4 орта мектебі» КММ - нің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы», «Мектептегі жүргізілген жұмыс түрлерімен әдіс - тәсілдерге қысқаша шолу» және «Тілді меңгертудің әдіс - тәсілдері» атты шеберлік сағатын өткізді.
Секциялық отырысқа қаланың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты.