"Өнеркәсіптік Өскемен жағдайында экологиялық мәдениетті тәрбиелеу мәселелері" атты семинары
2022 жылдың 27 тамызында ҚТҚ-ны бөлек жинауды жылжытудың және насихаттаудың «Менің таңдауым - TAZA KALA!» атты жылдық жоспарын іске асыру шеңберінде ШҚО биоресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы және С.Аманжолов атындағы ШҚУ университеті мамандарының қатысуымен «Өнеркәсіптік Өскемен жағдайындағы экологиялық мәдениетті тәрбиелеу мәселелері» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: педагогтердің білім беру әлеуетін, олардың экология мәселелеріндегі құзыреттілігін қалыптастыру, кәсіби шеберлігін арттыру, экологиялық мәдениетті тәрбиелеуде оқушылармен жұмыстың оңтайлы әдістерін іздеу.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және "Экологиялық мәдениет" курсынан сабақ беретін педагогтар семинарға қатысты.
Семинар модераторы білім бөлімінің әдіскері Н. Т. Капчикова қатысушыларды семинардың бағдарламасымен және мақсаттарымен таныстырды.
Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Экобиоорталығы» КМҚК директоры А.П. Цыганов, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының орынбасары А. Е. Ақмырза, С. Аманжолов атындағы ШҚУ КЕАҚ экология және география кафедрасының профессоры К.Ж. Дакиева, білім бөлімінің әдіскері Н. Т.Капчикова баяндама жасады.
Семинар қатысушыларына экологиялық мультфильм көрсетілді. Семинар жоғары кәсіби деңгейде өтті және қызықтырған сұрақтарға жауап берді.