Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«Асыл бала» балабақшасының ашылуы

Өскемен қаласының Куленовка ықшамауданында тұрғындардың, оның ішінде мектеп жасына дейінгі балалар санының артуы байқалады. Осылайша, қаланың бұл ауданында 90 орындық балабақша ашу қажеттілігі туындады.
2022 жылғы 30 тамызында  «Асыл бала» балабақшасы шағын аудан балаларын мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мақсатында мемлекеттік білім беру тапсырысы жобасы бойынша ашылып отыр.
Жаңа балабақша барлық заманауи талаптарға сай, жобалық қуаты ата-аналардың көптеген сұраныстарын қанағаттандырады.
Мектепке дейінгі мекемеде аралас тілінде оқытатын жобалық қуаты 90 орындық 4 топ болады. Балабақша жиһаздармен және қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Жаңа мектепке дейінгі мекеменің ашылуы балаларды тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуға мүмкіндік береді және ата-аналардың көптеген өтініштерін қанағаттандырады, сонымен қатар қала тұрғындарын жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.