Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» V облыстық зияткерлік байқауының іріктеу кезеңін өткізу туралы

Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі  Шығыс Қазақстан «Дарын»  дарындылықты дамыту ғылыми - әдістемелік орталығы және қосымша білім беру» КМҚК  № 748 хат негізінде 14.09.2022 жылы «М.Әуезов атындағы  № 17 орта мектебі» КММ алаңында жас  тарихшылардың  V облыстық «Менің кіші Отаным»  зияткерлік байқауының бірінші, іріктеу кезеңін өткізді.

Іс - шараға қала мектептерінің 9 - 10 сынып оқушылары қатысты. Балалар екі тапсырманы орындады: тестілеу және эссе.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Өскемен қаласынан зияткерлік байқауының облыстық кезеңіне  қатысатын оқушылардың бірыңғай командасы құрылады.