Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Облыстық  ғылыми-практикалық конференция
«Ғалымның есімі мәңгілік»

2022 жылғы 28 қыркүйек күні  Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының ұйымдастыруымен ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің  «М.Әуезов атындағы № 17 мектеп» КММ базасында  Ұлы ағартушының педагогикалық мұрасын зерттеу бойынша тәжірибе алмасу және оның идеяларын қазіргі білім беру жүйесінде жүзеге асыруды жетілдіру мақсатында  ақын, ғалым, аудармашы, педагог, қоғам қайраткері, ұлт мәдениетінің бәйтерегі Мұхтар Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Ғалымның есімі мәңгілік» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Іс-шараға  ЖОО профессорлық - оқытушылық құрамы, орта білім беру ұйымдарының басшылары, орынбасарлары,  сынып жетекшілер, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Конференция М.Әуезов атындағы № 17 орта мектептегі жазушы мұражайына саяхат және жоғары сынып оқушыларының «Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы парақтарымен»  сахналық қойылымы, бастауыш сынып оқушыларының ән - шашуымен  ашылды.
Ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық бөлімінде Шығыс Қазақстан облысы білім баскармасының «Шығыс» өңірлік орталығы директорының орынбасары Г.З.Абетаева  алғы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «М.Әуезов атындағы № 17 орта мектеп» КММ директоры Е.А. Саакян мектептің құрылуы мен жазушы есімінің берілу тарихын және М.Әуезовтың 125 жылдығына орай мектептерінде өткізіліп жатқан шаралары туралы айтып, қатысушыларды мерекемен құттықтады. 
Пленарлық бөлім барысында С.Аманжолов атындағы ШҚУ - нің қазақ, орыс, филолигия және журналистика кафедрасының сениор лекторы Н.Н.Будникова «Особенности тюркской языковой картины мира в произведениях М.Ауезова»;
ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты» КММ  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі М.К.Мукашева «М.Әуезовтің «Абай жолы роман-эпопеясын» оқытудың әдістемесі»;
ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша ББ «М.Әуезов атындағы № 17 орта мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Абдрахманова Г.Ф. «Мұхтар Әуезовтың заманауи мектептің тәрбие жұмысындағы мұрасы»;
Ағылшын тілі мұғалімі  А.В.Габитова «Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы «Оқуға құштар мектеп» жобасында» тақырыптарында салиқалы ой, сындарлы пікір, тың ізденістерімен бөлісті.
Конференция «М.Әуезов шығармалары арқылы педагогикалық шеберлікті шыңдау»,«М.Әуезов мұрасындағы гуманистік идеяның тақырыбы»  бағыттарындағы екі секциялық бөлімінде  өз жалғасын тапты.
Аталған секция жұмысында облыстың білім беру ұйымдарының педагогтері М.Әуезов шығармалары арқылы оқушыларды адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу, жазушы шығармалары үлгісінде сабақта белсенді оқыту әдіс-тәсілдерді қолдану, жазылым дағдыларын дамыту бойынша мысал келтіріп, тәжірибелік алаңда  ойларымен бөлісті, педагогтермен психологиялық тренингтер жүргізілді. 
Іс-шара соңындағы кері байланыста педагогтер пікірлерімен бөлісіп, пайдалы ақпараттың мол болғанын тілге тиек етті.
Конференция спикерлеріне алғыс хаттар қатысушыларға сертификаатр табысталды.
Ғылыми-практикалық конференция  корытындысы ретінде электронды жинақ шығарылып, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының білім порталында орналастырылады.