«Этнопедагогика» жобасы аясында Қазақстан Республикасының күні арналған «Домбыра – Дастан» байқауы
2022 жылдың 14 қазанында Оқушылар шығармашылық сарайында Қазақстан Республикасы күніне арналған «Домбыра – Дастан» аспаптық орындау байқауы өтті. Байқау екі номинация «Жеке орындау» және «Ансамбль» бойынша өтті. Байқауға қатысушылардың әрқайсысының домбыра өнері жарқын тұлғасымен, домбыра күйлерінің алуандығымен ерекшеленді. Ұйымдастыру комитетіне екі номинация бойынша 14 өтінім түсіп, байқауға 70-тен астам мектеп оқушылары қатысты. Қазылар алқасына жеңімпаздарды анықтау өте қиын болды өйткені балалардың барлығы жоғары деңгейде өнер көрсетті! «Домбыра – Дастан» байқауының қорытындысы бойынша екі номинация бойынша Бас жүлдені №45 мектеп жеңіп алды.