Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Өскемен қаласының білім бөлімі "Жұлдыз" балалар өнер мектебімен бірлесіп, 19 қазанда" № 15 Орта мектепте "Қазақстан Республикасы" Күнін мерекелеу аясында балалар жылына арналған "Рампа оттары" атты театр ұжымдарының дәстүрлі қалалық фестиваль-байқауын өткізді. Байқауға қаланың Үлбі және Октябрь аудандарының театр ұжымдары "Сахналық миниатюра" және "Көркем оқу" номинациялары бойынша екі жас санатында, яғни 7-12 жас және 13-18 жас аралығындағы оқушылар қатысты.
Мерекелік көңіл-күймен фестиваль қатысушылары көрермендер мен білікті қазылар алқасына өз өнерлерін көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушылар Өскемен қаласының білім бөлімі мадақтамасымен марапатталды.
Өзінің жарқын қойылымдарымен ерекше есте қалғандар: Погребняк Анна ("№24 ОМ базасындағы " Жұлдыз " балалар өнер мектебі) - Гран-При; Мұхтаров Әділет (№35 ОМ) -1 орын; Дәуренбекова Айдана (БШС) - 1 орын. Сондай-ақ, бірінші орынды"Софит" (№7 ОМ базасындағы "Жұлдыз" БӨМ), "Ахмет жұлдыздары" студиялары
(№20 ОМ базасындағы "Жұлдыз"БӨМ) және "Улыбка" музыкалық театры (№26 ОМ базасындағы "Жұлдыз" БӨМ ) иеленді.
Фестивальдің көрермендері мен қатысушылары көтеріңкі көңіл-күйде болып, театр өнеріне бұрынғыдан бетер ғашық болды!