11-сыныпта қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындық, білім олқылықтарын жою жоспарының орындалуы туралы
2022 жылдың 4 қарашасында Өскемен қаласы білім бөлімінің жоспарына сәйкес мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларымен семинар өткізілді.
Жиналыста ҚМК басшысы А.З. Нурпеисова «2022-2023 оқу жылының 1 тоқсанындағы білім сапасын талдау және 11-сынып түлектерінің сынақ және сынама тестілеуінің нәтижелері: мәселелер мен шешу жолдары» ақпаратымен таныстырды.
«11-сыныпта қорытынды аттестаттауға және ҰБТ-ға дайындық, білім олқылықтарын жою жоспарының орындалуы туралы» іс-тәжірибесімен оқу ісі жөніндегі орынбасарлары № 13 мектеп директорының орынбасары Н.Р. Дорн, № 27 орта мектеп директоры м.а. К.К.Мункенова, № 48 мектеп директорының Б.К. Ахметбаева бөлісті.