Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

«ŞYĞYS ÖRKENІ» аймақтық IT хакатонның қорытындысы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Шығыс Қазақстан өңірлік білімдегі жаңа технологиялар орталығы 2022 жылғы 3-4 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, ЖОО студенттері, мектеп оқушылары арасында «ŞYĞYS ÖRKENІ» аймақтық IT хакатоны өткізілді.
Хакатон мектеп оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін аймақ үшін инновациялық шешімдер жасауға тарту, жастардың ақпараттық технологиялар саласында білім алуға қызығушылықтарын арттыру және ІТ-дағдыларын дамыту, жоғары деңгейде IT саласындағы білікті кадрлар қалыптастыру мақсатында өткізілді. Екі күн бойы екі тақырыптық бағыттағы тапсырманы орындады. 14+ жас санатындағы оқушылар 3D визуализация элементтері бар есте сақтау, қиял, ойлау және логиканы жаттықтыру үшін дамытушылық және зияткерлік ойындар құрды.
Байқау жұмыстарын бағалау қорытындысы бойынша сарапшылармен келесі жеңімпаздар анықталды:
14+ жас санатындағы оқушылар арасында бас жүлдені Өскемен қаласы, «Барыс» командасы жеңіп алды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Сәттілік пен денсаулық тілейміз!!!