«Үздік педагог – 2022» республикалық конкурсының жеңімпазы
2022 жылдың 18 қарашасында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетовтің қатысуымен «Үздік педагог – 2022» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Биылғы жылы республикалық кезең ерекше форматта өткізілді, конкурсқа қатысушылар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ұсынған кестесі бойынша Астана қаласының білім беру ұйымдарында оқушылармен сабақ жүргізді.
Республика бойынша 64 мұғалім «Үздік педагог» атағына ие болды, соның ішінде 3 мұғалім Шығыс Қазақстан облысынан. Барлық жеңімпаздарға республикалық бюджет есебінен 1000 АЕК көлемінде сертификат және «Үздік педагог» төсбелгісі табысталды.
Республикалық конкурстың жеңімпазы Чекетаева Роза Саркытбекқызын – ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Қ. Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ, тарих пәнінің мұғалімі, лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!