Ахмер мектебінде Жапон елшілігі
2022 жылдың желтоқсанның бірі күні Ахмер орта мектебінде Жапон елшілігінен посол- Ямада Джун, атташе-Екоэ Томоя, үйлестіруші Алия Чингишпаева ханым болып қайтты. Елшіліктің іс-сапар мақсаты: 2019 жылы «Шөп тамыры» бағдарламасы бойынша жасалған келісімшарттың аяқталуын атап өту. Осы бағдарлама аясында 2019 жылы мектептің 129 ескі терезесі жаңа терезелерге ауыстырылған. «Шөп тамыры» бағдарламасы жергілікті халықтың өмір сапасын жақсартуға бағаттылған ерекше жоба. Бұл жоба қазақ жерінде 1997 жылдан бастау алған. Қазақстанның дамуына зор үлес қосып жатқаны үшін Жапон елшілігі ерекше ықыластарын білдіреді.
Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Алима Ақылбек, қалалық білім бөлімінің басшысы Алагузова Сауле Бауржановна, 49 орта мектеп директоры Кадирова Айгуль Чуленбаевна, мектеп ұстаздары, оқушылары, ата-аналары қатысты. Оқушылар күшімен әзірленген концерттік бағдарлама және мектептің қонақжайлық ахуалы қонақтарды қуанышқа бөледі.