Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Педагогикалық идеялар фестивалі өтті

2022 жылдың 2 желтоқсанында №19 мектеп қосымша білім беру орталығы базасында Педагогикалық идеялар фестивалі өтті. Фестивальдің мақсаты — педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, қала мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Осы мақсаттарды негізге алған педагогтар арнайы дайындалған тақырыптар бойынша жұмыстарын қорғап, өз тәжірибелерімен бөлісті. ЖҒЦ, ЖМЦ, қолданбалы пәндер және дене шынықтыру пәндерінің секциясы. Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының қалалық кезеңінде аталған секциялары бойынша 30-дан астам ұстаз инновациялық әдіс-тәсілдерін ұсынды. Әр қатысушыға таныстыру үшін 7 минут уақыт берілді. Осы уақыт ішінде жаңашыл мұғалімдер өз әдістерінің артықшылықтарын қысқаша және дәлелді түрде айта отырып, өз идеясын жеткізуі керек болды. Нәтижесінде ең перспективалы 11 педагогикалық идея таңдалды. Фестиваль жеңімпаздарын құттықтаймыз!