Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

Денсаулық үшін - мұз айдынына!

Ахмер орта мектебінде Тәуелсіздік мерекесін атап өту іс-шаралары шеңберінде қысқы мұзайдынның ашылу салтанаты болып өтті. Іс-шараның мақсаты: балаларды қысқы спорт түрлерімен айналысуға тарту, балалардың сабақтан тыс уақытта бос уақытын ұйымдастыру және олардың денсаулығын нығайту. Қысқы таза ауада оқушылар ән айтып, флешмоб биледі. Балалар мұзайдында коньки теуіп, таза ауада жағымды, сергек көңіл-күй мен қуанышқа бөленді.