Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

ШҚО білім бөлімдерінің мектепке дейінгі тәрбие бойынша әдіскерлері, мектепке дейінгі мекеме басшыларының әдістемелік шеберханасы

Қаңтардың 19 жұлдызында №15 "Рахат"балабақша-бөбекжайында "Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен жаңа мазмұнын жаңа мазмұнын іске асыру жолдары»  тақырыбындағы облыстық семинар өте жоғары деңгейде өтті.

Мақсаттары: "Өсу нүктелері" құзыреттілік орталықтары", "Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагог" пилоттық жобаларын және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын бағалау өлшемшарттарының апробациясы пилоттық жобаларын қорытындылай отыра тәжірибе алмасу.

Семинарға  арнайы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балаларды ерте жастан дамыту институты КММ директоры Адамова М.Е, ШҚО ББ "Шығыс" өңірлік орталығы директорының м.а.                 Джакупова Г., Өскемен қаласының білім бөлімінің басшысы Алагузова С.Б, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің бас маманы Капезова Е.Ж., облысымыздың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының меңгерушілері мен әдіскерлері және Абай атындағы ШҚГК-нің педагогтері қатысты.

Әдістемелік шеберханасының бағдарламасы бойынша Қырықбаева А.Қ.-ШҚО ББ «Шығыс» өңірлік орталығы КММ әдіскері алғы сөз сөйледі. №15 «Рахат» балабақша-бөбекжайының "Өсу нүктелері" құзыреттілік орталықтары", «Мектепке дейінгі ұйымдағы топта күн бойында екі педагог» пилоттық жоба педагогтері «Заттық дамытушы орта құруда ұлттық құндылықтарды тиімді пайдалану әдістері» тақырыбында шебер сынып көрсетті.

№15 «Рахат» балабақша-бөбекжайының  директоры С.Б.Капезова пилоттық жобадағы топтардың жұмысымен таныстырды. Пилоттық жобаға қатысқан барлық педагогтер құрмет грамотасымен марапатталды.