Өскемен қаласының
Білім беру бөлімінің
Ресми сайты

"Заманауи  тәсілдер арқылы  оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту –табысты оқытудың кепілі" атты  қалалық семинары өтті

ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№48 мектеп-қосымша білім беру орталығы» КММ-дегі 18.01.2023 ж.  жаратылыстану бірлестігінің "Заманауи  тәсілдер арқылы  оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту –табысты оқытудың кепілі" атты  қалалық семинары өтті.

 Семинарға Өскемен қаласының  химия, биология, география пән мұғалімдері қатысты. Семинардың мақсаты: оқушылардың зерттеу қабілеттерін қалыптастыру дағдыларын дамытуға  бағытталған  іс- тәжірибемен бөлісе отырып, табысқа жету. Осы мақсатта пән мұғалімдері  шебер сыныптар мен ашық сабақтар өткізді. Семинарға қатысушы пән мұғалімдері өздерінің  пікірлерін білдірді. Қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің  әдіскері Н.Т. Капчикова  жаратылыстану бірлестік мүшелерін сертификатпен табыстады. Мектеп директоры Ч.Т.Мажинова  барлық семинарға қатысушыларға  алғыс білдірді. Кері байланысқа семинардың ашылуынан  жабылуына  дейінгі уақыттағы  фотосуреттер кинолентаға жасалынып мектеп мұражайына тапсырылды.