Өскемен қаласы әкімдігінің «Отбасын және балалықты қолдау орталығы» КМҚК
Мекенжайы: Өскемен қаласы, Киров к, 63
Директор: Куземко Лилия Петровна
Ашылған күні: 29.04.2008 жылы Өскемен қаласы әкімдігінің № 7512 «Өскемен қаласы әкімдігінің «Отбасын және балалықты қолдау орталығы» КМҚК құру туралы» қаулысы.
Барлық жайларының жалпы көлемі: 131,6 кв.м.
Қызметкерлер саны: 22 адам
Қызмет түрі: Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға әлеуметтік-психологиялық және заңгерлік көмек көрсету.
Орталықтың ұжымы 25 адамнан тұрады, олар:
- Әкімшілік басқару мүшелер: 1 директор, 1 директор орынбасары.
- Педагог қызметкерлер: 1 әдіскер, 6 әлеуметтік педагог, 3 педагог психолог, дағдарыстық жағдайлар бойынша 3 педагог психолог,.
- Азаматтық қызметкерлер: 2 заңгер, 3 сенім телефонының операторлары, 1 статистик, 1 халықпен байланыс орнату бойынша менеджер, 1 хатшы, 1 аудармешы, 1 бухгалтер, 0,5 техникалық қызметші.
22 маманның жоғары білімдері бар. Жас құрамы: 21 ден 30 жасқа дейін – 22 адам, 31-40 жас – 2 адам, 41-50 жас – 1 адам. Еңбек өтілі 3 жылға дейінгі жас мамандар – 13 адам (52%), 3-5 жыл – 4 адам (16%), 5-10 жыл - 3 адам (12%), 10-20 жыл – 3 адам (12%), 20 жылдан астам – 2 адам (8%).
14 маман – педагогикалық қызметкерлер. Оның ішінде жоғары санатты – 2 адам (14,3%), 1 санатты – 1 адам (7,1%), 2 санатты – 1 адам (7,1%), санатсыз – 10 педагог (71,5%). 2 педагог-психологта қиын өмірлік жағдайларда жұмыс жүргізу бойынша сертификаттары, 1 әлеуметтік педагогта – отбасыларға көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша сертификаты бар.
Орталықта қиын өмірлік жағдайда болып табылатын отбасылары мен балаларды жеке және топпен қолдау бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі. Себебі, Орталықтың базасында 10 отбасы қамқорлықта, 13 жасөспірім жеке тәлімгерлікте болып табылады, 1067 психологиялық-педагогикалық және заңгерлік кеңестер өткізіліп, «Сенім телефонына» келіп түскен 598 өтініш қаралған, қалалық кітапханалардың базасында тұрғындарға арналған қоғамдық қабылдау жұмыс істейді.
Топтық жұмыстар түзету-дамыту және алдын алу бағдарламалар негізінде жүргізіледі. Отбасы институтын қолдайтын 5 бағдарлама қызмет етеді: ата-аналардың тәрбиелеу мәселесіндегі сауаттылықтарын арттыруға арналған «Ата-аналарға арналған мектеп», бала асырап алуға ниет білдіргендер үшін «Асырап алған ата-аналар мектебі», тәрбиелеу мәселесіне арналған «Ата-аналарға арналған психологиялық қонақжайлық», тәрбие әлеуеті төмен отбасыларына арналған «Ата-ана махаббаты сабақтары»; балалықты қолдайтын 7 бағдарлама: «Идея», балалар бастамасының орталығы» сәтсіз отбасыларының балаларына арналған «Таңдау әрқашан да бар», «тәуекел тобының» балаларына және «қиын» оқушыларға арналған «Заңға бағынышты азамат қалыптастыру», ерте жүкті болудың алдын алу бойынша «Болашақ бүгіннен басталады», «Қауіпсіздік және мен», «Жуырда мектепке барамыз» және тағы басқа мектеп жанындағы лагерлерге арналған «Жазғы лагерь». 2014-2015 оқу жылында 868 топтық сабақтар өткізіліп, 16516 оқушылар мен олардың ата-аналары қамтылды.
2011 жылдың қаңтар айынан бастап отбасын және балалықты қолдау орталығының жанынан ЖОО волонтерлік жасақтары сабақтар ұйымдастырады, 2013 жылдан бастап – кәмелетке толмағандарға арналған «Жұмысқа орналастыру бюросы» қызмет атқарады, 2014 жылдан бастап суицидке тәуекелді балаларды қолдау аясында өте шұғыл көмек қажет ететін балаларға арналған «Сенім поштасы» пилоттық жобасы іске қосылды.
Қала тұрғындарына арнап «Мен және менің құқықтарым», «Зорлықсыз 16 күн» онкүндіктері, «Суицидтің алдын алу күні», «Отбасы күні», «Халықаралық балаларды қорғау күні» акциялары, «Бақытты отбасы», «Қазақстандық отбасы» қалалық байқаулары өткізіліп тұрады.
Отбасын және балалықты қолдау орталығы Өскемен қаласы әкімінің 3.03.2009 жылғы № 1-66ө өкіміне сәйкес «Балаға мейірімді қала» жобасының үйлестірушісі болып табылады. Жобалар аясында балалардың пікірлерін зерделеу, қалалық ортаға мониторинг жүргізу, балаларды қаланың өміріне қатыстыруды қамтамасыз етіледі, балалардың қатысуымен форумдар өткізіледі.